Кешегі өткен еліміздегі маңызды саяси науқанға бүгін нүкте қойылды. Сайлаушылардың басым дауысымен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасалды. Елдің сеніміне ие болған Президентіміз халық мүддесі үшін елеулі еңбек етуіне толық мүмкіндігі бар және қарымы мен қабілеті де жеткілікті. Сондықтан Мемлекет басшысын сайлауда ел тұрғындарының басым бөлігі дұрыс шешім қабылдады деп санаймын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғарыда айтып кеткенімдей, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғаның бірі. Ол осы уақытқа дейін мемлекеттімізде дипломатия саласын көтеруге күш салып келеді. Тәжірибелі саясаткер, әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі бар және елді табысты басқаратын саясаткердің барлық қасиеттеріне ие.
Халық қалауымен сайланған Президентіміз еліміздің өркендеуі жолында жасаған жоба-жоспарында, алдағы кезде мемлекеттік қызметке керек әділеттілік, адалдық, ашықтық сынды қасиеттерге басымдық берілетінін ұғындырды. Бұл жаңа әрі әділ Қазақстанның құрылуына жасалып жатқан үлкен қадам деп білемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының басқаруымен Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндігі мол екеніне сенімдімін.
Тәжіғали ХОДЖАМҰРАТОВ,
«Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының төрағасы.