Өзіндік ерекшелігі бар әрі көрікті мекендері көп-ақ. Солардың бірі – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атамекені, туған жері Шамалған ауылы. Соған орай осы ауылда керемет, көрсе көздің жауын алатындай тарихи-мәдени орталық орналасқан. «Атамекен» орталығының жәдігерлері төрт негізгі залға бөлініп тақырыпқа байланысты қойылған. Әр экспонаттың айтар сыры мен қалдырар естелік мұрасы көп. Сондықтан бөліп-жаруға келмейтін құнды тарихи жәдігерлерімізді насихаттаймыз. Бүгінгі тақырып орталықтың екінші залындағы «Тәуелсіздік» монументінің макеті жөнінде болмақ. Бұл залдың атауы – Тәуелсіздік. Монументтің өзін Алматы қаласыннан көруге болады. Ол өзінің маңыздылығымен көркем. Себебі, монументтегі қазақ елінің ою-өрнегі, оның биіктігі және ең жоғарыда тұрған алтын адам бейнесі еліміздің тарихының тереңдігі мен тәуелсіздігін аңғартады, жалпы биіктігі 91 м-ді құрайды. Монументтің салынуына жетекшілік жасаған Ш.Уәлиханов болса, мүсіншілері – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин, сәулетшілері – К.Жарылғапов, К.Монтахаев, құрастырушысы – С.Қаламқаров, құрылысшысы – А.Ермегияев.
Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метр-ге созылып жатыр. Биіктігі 6 метр болатын «алтын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стелла диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стелланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Монумент «Абыз ата» «Жер ана» «құлын үстінде отырған екі бала» аллегориялық мүсіндерімен толықтырылған. Осы мүсіндер арқылы дәстүріміздің құндылығын білдіріп болашаққа деген сенімділікті көрсете білген. «Тәуелсіздік» ұғымы мен маңыздылығы осындай монументтердің болуымен дәріптеліп, баршаға аян болады. Сондықтан әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігі еш толастамауы тиіс.
Айгерім АВЕЗОВА,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының қызметкері.