Бүгін «Қаскелең Гуманитарлы-техникалық» колледжінің студенттерімен аудандық мәслихат депутаттары Айжан Балажанова, Елена Константинова және аудандық штаб мүшесі Қуаныш Ахметжановпен «ZOOM» платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының «Жеңілдікпен кредиттеу, жастар арасында бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» бағыты бойынша кездесу өткізілді.
Бүгін «Үшқоңыр» спорт кешенінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Дәурен Төлеген, «Бота» балабақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихаттың депутаты Назима Жайлаубекова, «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиал басшысы,Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков О.Жандосов атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, ҚР Президентінің жолдауын жан-жақты талқылады. Жиынға қатысушылармен Жолдаудың негізгі бағыттарына ортақ үн қосып, оның өзектілігін насихаттады.
Бүгін «Аяжан» медициналық колледжінің студенттерімен аудандық мәслихат депутаттары Қаныбек Айтжанов, Сұлтанғазы Қилыбаев, Бекжан Сүнбеков, Айжан Балажанова және аудандық штаб мүшесі Қуаныш Ахметжановпен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының «Қоғамдық қауіпсіздік – ел дамуының негізгі факторы» бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында студенттерге Жолдау барысында аталған бағыттар, оның ішінде жастарға пайдасы мол ақпараттар айтылды. Сонымен қатар …
Еліміздің болашағы жастар екендігі баршамызға аян. Ал Мемлекет басшысы жастарымызға жан-жақты қолдау көрсетуді мемлекеттің басты міндетінің бірі етіп қойды. Өзінің қыркүйек айында жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты соңғы Жолдауында да Президент еліміздің жастарының әл-ауқаты мен тұрмыс-табысын өсіру мақсатында біршама ұсыныстар білдірді. Бұл өзгерістерді жастар қалай қабылдады және олар бұл туралы не ойлайды? …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жаңа Жолдауын жолдаған еді. Осыған орай таяуда ауданымызда құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жолдау жүктеген міндеттерді кеңінен насихаттау үшін ауданымыздың орталық Мәдениет үйінде Қаскелең қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында топ мүшелері тарапынан Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары …
Жуырда Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен Департамент жеке құрамымен кездесу өткізілді. Кең ауқымды жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов, Amanat партиясы «Бірлік» филиалының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов және «Казахстанская ассоциация Даму» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Анара Битебаева қатысты. Сондай-ақ аталған жиынға Көліктегі полиция Департаментінің барлық желілік …
Таяуда аудандық Мәдениет үйінде ауданымыздың тұрғындары әлеуметтік салаға жауапты облыс мамандарымен жиналды. Негізгі тақырып – жақында жарияланған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылау. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайын, қоғамның белсенділігін арттыру сөз етілді. Жиын барысында арнайы келген облыс мамандары, нақтырақ айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы …
Өткен аптадағы жұма күні Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын кеңес төрағасы Жанат Исағұлов жүргізді. Алдымен кеңес мүшелері «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын жан-жақты талқылады. Бұл ретте алғашқы кезекте Қоғамдық кеңес төрағасы Жанат Молдағұлұлы сөйлеп, Мемлекет басшысының үлкен өзгерістерге бастайтын Жолдауы жайында …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауының негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналғаны белгілі. Президенттің бұған дейін қалың ел тарапынан қолдауға ие болып отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағыты да елде орын алып жатқан көптеген игі бастамаларға арқау болып келеді. Бастама шенеуніктер мен халықтың арасындағы алшақтықты біршама азайтып, мемлекеттік басқарудың барынша ашықтығын қамтамасыз …
Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 59-шы бабына сәйкес VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті депутаттар! Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси …