Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кезекті Жолдауын жариялап, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында атқарылатын басты жұмыстарға тоқталды.
Президенттің қадам айтқан сөздерінің ішінде заңға қатысты мәселелер де қозғалды. Оның барлығы көңілге қонымды, өте құптарлық шешімдер екенін жеткізгім келеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл Жолдау барысында көптеген елдердегі Констиуциялық сот инстуттары бар екенін тілге тиек етіп, біздің мемлекетте де оны құру қажеттігін айтты. Оған қатысты ұсынысын білдіріп, Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуы маңызды екеніне тоқталды.
Президенттің айтуынша, белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беру қиындық тудырады. Сондықтан адамдар үшін құқықтық кеңесті тиімді жолмен алу маңызды. Ал Конституциялық институт дәл осы міндетті атқаратын болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беру керектігін түсіндірді. Бұл да сот жүйесіндегі кейбір қызметтердің маңыздылығын көрсетеді деп білемін.
Расында да, әділ және құқықтық мемлекет құру үшін Конституциялық соттың атқаратын міндеті маңызды болары сөзсіз. Сондай-ақ, азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын одан әрі жақсарта түседі деген ойдамын.
Мәди КӨШІКБАЕВ,
Қарасай аудандық сотының судьясы.