1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармалар байқауы өткізілген болатын. Байқау аумақтық деңгейде барлық жалпы білім беру мекемелерінде болды. Әр номинация бойынша 4536 оқушы қатысып, бес мыңға жуық шығарма қабылданды. Оның ішінен облыстық байқауға ең үздік 24 шығарма іріктелініп алынды.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ғимаратында байқау үздіктері 4 номинация бойынша арнайы марапаттарға ие болды. Оның ішінде біздің Қарасай ауданынан Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Сүйменбай Айғаным Ғазизуллақызы «Туған өлке батырлары» номинациясы бойынша жүлделі I-орынды иеленді!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған байқау жеңімпаздарына марапаттар мен Алғыс хаттарды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы мен облыстық мәслихаттын депутаты Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы табыстады.