Ауданымыздың орталығында орналасқан «Тенгри бар» кафесінің ұжымы ел-жұртты алаңдатқан қиын-қыстау күнде халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген блок-бекеттердегі қызметкерлерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Нақтырақ айтқанда, жақында аталмыш кафенің иесі, кәсіпкер Айдар Қойайдаров бастаған ұжым мүшелері №18 блок-бекетінде уақытпен санаспай әрі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс жасап жатқан полиция, әскери қызметкерлер мен дәрігерлерге дастархан жайып, оларды ыстық тамақпен тамақтандырды. Осылайша «Тенгри бар» кафесінің қызметкерлері бекеттегі адамдардың жанқиярлық және қажырлы еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.
Игі бастаманы қолына алып, бекеттегі қызметкерлерге өзінің алғысын осылайша білдірген кәсіпкер Айдар Серікұлы барша адамдарды еліміздегі осы бір қиын кезендерде халық үшін қызмет атқарып жатқан қызметкерлерге қолдау көрсетуге шақырды. Біз біргеміз!
Ақтоы МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.