Архив ісі – елдің мәдениетін, тарихын зерттеп, тың дүниелерді және маңызды құжаттарды жарыққа шығарып қана қоймай, пайдаланып, оны ұрпаққа жеткізуші деректердің топтамасы. Сондықтан осы бағытта қызмет етушілердің еңбегі қашанда зор. Елімізде архивтанушы-құжаттанушы мамандарды даярлауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады. 2010 жылғы науырыз айында Қазақстан Республикасының Болон декларациясына ресми түрде …
Өткен аптада Қаскелең қаласында «Тәжік-ауған ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігіне қарасты Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруымен қазақстандық жеке құрама батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 23 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Ардагерлер бас қосқан жиынға Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Балажанова, Қарасай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, капитан Ерлан Әбдіхалықов, «Таулы Қарабақ ардагерлері …
Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВПЕН сұхбат – Марат Елеусізұлы, Сіздің өндірістік ошағы көп, халқы да мейлінше тығыз орналасқан Алматы облысына жетекшілік етіп отырғаныңызға бір жарым жылдан асыпты. Екі облыс өз еншісін алып, бөлінгеннен кейін әлеуметтік-экономикалық өсім көрсеткіштері төмендеп кеткен жоқ па? – Сұрағыңыз орынды, әрине. Әкімшілік-аумақтық өзгерістердің экономикамыз үшін айтарлықтай теріс әсері болмады. Облыс өзінің …
Өлең өлкесінде өмір сүріп, поэзия әлеміне жақын жандардың есінде Есенқұл Жақыпбеков мәңгі сақталары сөзсіз. Биыл ақпандатқан айтыскердің туғанына – 70 жыл. Сезім қылын шерткен танымал ақынды ардақтап, шығармашылығын насихаттау жұмысын қолға алғандардың қатарында Қарасай ауданы биыл алғашқылардың бірі болды. Сөз зергерін ұлықтау мақсатында сәрсенбінің сәтінде Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Біздің елдің жігіттері» атты шығармашылық …
Карасайскому филиалу Государственного архива Алматинской области исполнилось 10 лет. Открывшийся 6 января 2014 года он помогает государству и обществу в обеспечении сохранности исторически значимых документов. Этой юбилейной дате был посвящен круглый стол, проходивший в селе Шамалган, в историко-культурном центре «Атамекен». Открыла и вела его заместитель генерального директора Государственного архива Алматинской области Айгерим Кырыкбай. Пришли поздравить …
Тәуелсіздік – бұл бабалардың аңсауы, ұрпақ үшін баға жетпес тарту. Биыл міне, егеменді ел атанып, азаттықтың бесігінде тербелгенімізге 32 жыл толып отыр. Осы уақыт аралықта еліміз әр салада талай жетістікке жетіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда ахуалын жақсарта білді десем артық айтқаным болмас. Егемендікке қол жеткізгелі сонымен қатар, зайырлы, дербес мемлекет атанып, бейбіт өмірдің дәмін татып келеміз. Сондықтан …
Қарашаның қара жаңбыры төпелемей тұрған жаймашуақ күндердің бірі еді. «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін түсіріп жатқан жерді іздеп шығып, бірден таба алмай біраз әурелендік. Мыңбаев ауылының батыс жағында екенін телефондағы картадан көргенімізбен, елді мекеннен ұзағанда байланыс аясы түгесіліп, мүлдем басқа бағытқа ұзап кеткенімізді жолда кездескен малшыдан біліп, кері бұрылдық. Заманында төселген асфальттан жұрнағы ғана қалған, опырылған …
Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Тоқсанға таяған апамыз өнерге әлі де құштар. «Би өнері менің өмірімнің өзегіндей болып кетті ғой, балам. Егер сахнаға шақырса қазір де билеуге бармын», – дейді …
Салт-дәстүр халықпен бірге жасасып, тарихында өшпес із қалдырады. Алайда уақыт алға жылжыған сайын халқымыздың кейбір салт-дәстүрлері артта қалап, бүгінде өсіп келе жатқан жастарымыздың арасында ұмыт болып бара жатқандары жетерлік. Осы ретте соңғы жылдары елімізде аталмыш мәселеге мән беріп, осы бағытта жұмыс жасайтын әртүрлі ұйымдар құрылып, ауқымды істер атқаруда. Сондай ұйымның бірі – «Қазақ аналары дәстүрге …
Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның құрылғанына 50 жыл толды. Жарты ғасырлық дүбірлі той Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның концерт залында тойланды. Өнердің киелі шаңырағы Дінмұхамед Қонаевтың тікелей бастамасымен 1973 жылы құрылған еді. 1990 жылы халық ақыны Сүйінбай Аронұлының есімі берілді. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген ұжымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты табысталды. Талай өнерпаздың еңбегі еленіп …