Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Тоқсанға таяған апамыз өнерге әлі де құштар. «Би өнері менің өмірімнің өзегіндей болып кетті ғой, балам. Егер сахнаға шақырса қазір де билеуге бармын», – дейді …
Жамбыл ауданындағы төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан қонақүйлер мен жатақханаларда қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүргізді. Сақшылар аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы жалға берілетін баспаналарды арнайы рейдпен аралап шықты. Елді мекенде орналасқан қонақүйлер мен жатақханалардың иелеріне жолығып, жалға беріп отырған ғимараттарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін білді. Сонымен қатар онда тұрып жатқан тұрғындар …
Сабыр Досымбекұлы туралы сыр Таулы өңірде бар ғұмырын өткізіп, абыройлы ақ жүзімен зейнет демалысына шыққан, әлі де қатардан қалмай елі-жеріне қызмет жасап жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз, қазыналы қарттарымыз баршылық. Бұл орайда Сабыр Досымбекұлының жылы жүзі көз алдымызға келіп тұрады. Соңғы жылдардан бері алғаш Райымбек аудандық, одан соң өз алдына қайтадан қалпына келген Кеген аудандық ардагерлер …
Жанымызбен тебі-реніп, жүрегіміз-бен толғанып айтатындай, Тәуелсіздігімізбен құрдас жастар, шын мәнінде, бақытты. Сол бақтары, бақыттары баянды бола бергей дейміз әрдайым. Кеген ауылында тұратын Ерсариева Айнұр Дәулетқызы 1991 жылы Кеген ауылында дүниеге келген. Өз тұсындағы №2 Кеген орта мектебінің өнегелі, озат оқушыларының бірі болды. Асыл арманының құшағында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін жақсы бітіріп шықты. …
Біз сөз еткелі отырған Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы – Жалаңаш ауылының бір перзенті. Әлі де сол туған ауылынан алыс кетпей туын тігіп, тұғыр етіп, ел мен жер үшін игілікті істерін қамдастырып жүрген айтулы қарлығашы. Қаскелең қаласындағы өз тұсындағы педагогикалық училищенің «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімін бітірген. Мамандығы бойынша бірсыпыра жылдар жұмыс істеді. 2000 жылдан бері қарай кәсіпкерлікпен …
Халқымыз сан ғасыр аңсаған Тәуелсіздігімізге жасалған қадамның бірі – Желтоқсан көтерілісі. Шын мәнінде, тұла бойларында ұлтым, қазағым, қаным деген намысы бар, рухы мықты, патриоттық сезімдері от болып лаулап, құрбы-құрдастарынан, курстастарынан, еңбектес әріптестерінен қалмай алаңға шыққан, бір мақсат, бір мүдде, бір тілектен табылған мыңдаған жастардың бәріне құрметпен қараймыз. Сол 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан кезіндегі жалынды жастар. …
1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі тарихымызға өшпестей жазылып қалды. Бұл, шын мәнінде, Кеңес Одағы, Мәскеу үстемдігін, билігін жүргізіп тұрған кезде қазақтың өрімдей студент, жұмысшы жастарының ел еркіндігін, ұлт тәуелсіздігін аңсаған шынайы, жүрекжарды көтерілісі болды. Бұл сол бір ұмытылмас жылғы аязы бет қарып, күшіне енген желтоқсан айында талай қандасымыздың жанын қиған, көктей солдырған, тағдырын шырғалаңға салған …
Биыл – Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығы. Мерейлі қуаныш. Сонымен бірге әйгілі Желтоқсан көтерілісіне 37жыл толып отыр. Тарихымызға да тасқа басқандай жазылып қалған бұл оқиғалар елдің есінен, жұрттың жадынан кетпек емес. Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың бірі – Ақсай ауылында тұратын Қоғанбаев Еркін Әкімбекұлы атты азамат. Еркін ағамызды ауыл, аудан тұрғындары жақсы таниды. Шап-шағын, ұядай жып-жылы Ақсай ауылындағы өнегелі …
Жуырда аудандық «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өткен еді. Саяси ұйымның жұмысына және ауданға байланысты маңызды мәселелер талқыланған жиынға аудан әкімі Алтай Досумбаев, халық қалаулылары, бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында аудан басшысы Еңбекшіқазақ ауданында 1,7 млрд теңгеге 2 инвестициалық жоба іске асырылғандығы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламаның Еңбекшіқазақ …
Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір адам баласының жолы тақтайдай түзу болады деп ешкім дөп басып айта алмайды. Өмірі жолында небір қилы кезең, тағдыр-тауқыметті соқпақ, бұралаң жол кездесетіні анық. Сол сынақтарды көтере біліп, қатарға қосылып кететіні де, қиындыққа морт сынып, өмірден баз кешіп, көше кезіп қалатыны да жетерлік. Осы ретте елімізде соңғы жылдары арнайы орталықтар ашылып, …