«Заман жаршысы» газетінің (бұдан әрі – газет) меншік иесі «Заман жаршысы» газеті» ЖШС Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №42-VII Заңына сәйкес 2021 жылдың 2-жартыжылдығында өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кеттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына партиялар ұсынған және өзін-өзі ұсынған үміткерлерге сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде төлем мөлшері туралы хабарлайды.
ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газетке жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2021 жылдың 26 маусымынан бастап, 2021 жылдың 24 шілдесіне дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Қаскелең қаласы, Өмірәлі көшесі, 53 үй мекенжайы бойынша қабылданады.
Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тeгi, қаржыландыру көздері, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.
Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді.
ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ
Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті. Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немес іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.
ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ
Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының 1 шаршы см. бағасы 100 теңге.
Төлем cepiктecтік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.
Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.
Заман жаршысы» газеті» ЖШС-і.