Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайына ғана емес, сонымен бірге, оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни, мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін …
Осы аптада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қарасайлық жас суретшілер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырған байқауға қатысып, өнерлеріне сай марапатталды. Өмірде орны толмас өкінішке соғып жататын өрттің себепкері көбінесе балалардың отпен ойнайтын ойлаусыз қылығы болып табылады. Сондықтан аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің алдын алу шараларын білім беру мекемелерінен бастауды жөн санады. …
Елімізде төтенше жағдай аяқталды. Ал, Алматы облысы бойынша карантиндік шаралар кезең-кезеңімен жеңілдетілгенмен, толығымен алынып тасталынған жоқ. Осыған байланысты мобильдік топ құрылып, аудандағы нысандардың қалай санитарлық талаптарды сақтап жатқандығы тексерілді. Топтың құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бірқатар мамандарымен қатар, Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Рафаэль Мұқанов болды. Өткен аптаның жұма күнінде …
Елімізде карантин режимі жеңілдетілгенмен, санитарлық талаптардың сақталуы басты назарда. Ауданнан құрылған мобильдік топтың кезекті тексеру жұмыстары осы аптаның сәрсенбі күні «Aport Mall» ойын-сауық сауда орталығында жалғасты. Аталған молл Алматы-Бішкек күре жолының бойында орналасқандықтан, бұл орталық Алматы қаласы мен облыс тұрғындары үздіксіз ағылып келетін жерлердің бірі. Себебі, бұл нысанда «Hawaii»&«Miami» аквапарктері, «Магнум» супермаркеті, «Funky Town» балаларға …
Мерейлі мерекелердің маңыздылығын өскелең ұрпаққа ұғындырып, оларды дәріптеу мақсатында біз сияқты аудан жастары осындай айтулы күндердің қарсаңында белсенділіктерін бәсеңдеткен емес. Осы аптаның алғашқы күнінде аталып өтілген Халықаралық балалар күнін де аудандық Жастар ресурстық орталығы назардын тыс қалдырмады. Мерекеге орай қарасайлық бүлдіршіндер үшін арнайы ашылған Қаскелең қаласындағы «JAǴALAÝ» балалар алаңына біз де барып, бүлдіршіндердің қуанышын бірге …
В Каскелене в Международный день защиты детей был открыт детский парк площадью 900 кв. метров, где предусмотрены аттракционы для малышей, скейт-парк и work out для ребят постарше. Построен он был при поддержке акима района Жандарбека Далабаева, акимата города Каскелен и меценатов. Поскольку расположен парк на берегу реки Каскелен, символично и его название – «JAǴALAÝ» , …
Біздің заманымыздың талабына сай арамыздан зиялы топты жарып шығатын адам болу үшін әркім маңдай терін төгіп жұмыстануы қажет. Қазіргі кезде Отанымызда өзін-өзі көрсете білетін талантты да қабілетті жастардың саны күннен-күнге артуда. Алдымызда келе жатқан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қатарластарының арасынан өзінің ақылдылығымен ғана емес, сондай-ақ, жан-жақтылығымен де ерекше көзге түсіп жүрген …
Кавказдықтардың билері батылдықтың, еркіндіктің символы іспеттес. Жігерді жанитын, намысты оятатын Лезгинка биі әлемге кеңінен танымал. «Өнер ұлт пен ұлыс таңдамайды» демекші, қарасайлық жасөспірімдер арасында аталған би түріне қызығушылар көп. Ауданымызда 2016 жылдан бері осы бағытта балалар өз өнерлерін «Азарт» би тобында шыңдап келеді. Сабақтан тыс кезін құр өткізбей, бос уақыттарын өнердің әдемі бағытына арнаған жас …
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген немесе карантин уақытына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту. Ауданымыз бойынша бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 62 нысан бекітіліп, оның 61-і тендерлік конкурстың жеңімпазы …