Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жыл сайын болатын «Ақ дастархан» аспаздық шеберлері байқауы биыл 14-ші рет ұйымдастырылды. Астананың 20 жылдығын мерекелеуге әзірлік аясында өткізілген бұл жолғы бәсекеде өңіріміздің барлық аудандарынан іріктелген қоғамдық тамақтану саласының озықтары Қаскелең қаласындағы «KHAMA PARK» мейрамханасында бас қосты.
Бұл күні сән-салтанаты келіскен тойхана ішінде әдеттегідей аста-төк дастархан жайылып, әдемі әуен ойнатылып, адамдар лық толды. Тек, жарасымды жасанып, сауық іздеген қонақтарға қарағанда тиісті киімін киген аспаздар мен даяшылардың қарасы көп еді. Үстелдердің үстінде де бірін- бірі қайталамайтын ерекше тағам түрлері жетерлік. Шетел асханасының мәзіріндегі таңдаулы тағамдардан бөлек, өзіміздің ұлттық дәмдеріміз де заманауи талапқа сай әрленіп, түрленіп ұсынылған. Өйткені, астың дайындалуы ғана емес, қонақтың алдына тартылуы, аспаздың шеберлігі мен даяшының икемділігі де өткір сынға алынуы, содан нәтиже шығару арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру осы байқаудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Осы өңірлік деңгейдегі үлкен шараның біздің ауданымыздағы«KHAMA PARK» мейрамханасында өткізілуі де тегін емес. Олай дейтініміз, әлемдік деңгейдегі маман, «Айку» ЖШС-нің құрылтайшысы, «World skills» республикалық қозғалысының бас сарапшысы, аталған мейрамхана кешенінің директоры Серікхан Әділханов өз ұжымымен бірге бірнеше мәрте бұл конкурстың жүлдегері атанып, бүгінде әріптестеріне үлгі болуда. Сол себептен де кең залдың төріне «KHAMA PARK»-тың аспаздары дайындаған дәмі тіл үйірер тәттілері мен тойымды тамақтарынан көрме қойылды. Әрқайсысы көздің жауын алған олардың арасында, әсіресе, ағаш астауға салынған хан табақ, қозы қарын, қос қазы, өрметөс сияқты ұлттық асымыздың орны бөлек.
Бұл жөнінде журналистерге берген сұхбатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Айгүл Идрисова да айтты.
– Бұл байқаудың біздің кәсіпкерлерімізге, әсіресе, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне берері көп, – деді ол өз сөзінде. – Мұнда жиналғандар бір-бірінен оза шабуды ойламайды, керісінше, тәжірибе алмасады. Сол арқылы аталған саланың сапасы арта түседі. Осымен екінші рет «KHAMA PARK» мейрамханасының базасында бұл шараны өткізіп отырмыз. Ондағы мақсат – барлық талаптарға сай нағыз мейрамхана қандай болуы керектігін өзге аудандағы іскер азаматтарға көрсету. Өйткені, қаншама жыл осы саланың қыр- сырына әбден қаныққан Серікхан Сәметұлының шеберлігіне, керемет ұйымд астыр ушылық қабілетіне, байыпты басшылығына қандай да бір сын айту қиын.
Сонымен, шараның ашылу салтанатында сәттілік тіленіп, қатысушылар да, байқауды қадағалаушылар да іске кірісті. Серікхан Сәметұлы төрағалық еткен, құрамында Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмат Бакиров, облыстық қоғамдық д е н с а у л ы қ с а қ т а у департаментінің бас маманы Жанар Оразова, Қаскелең қаласындағы «Қарақұм» мейрамханасының директоры Ұлтуған Жамбасынова бар қазылар алқасы әр қатысушы команданың ас мәзірімен жеке-жеке барып танысып, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралады. Ал келесі кіші залда даяшылар бөлек өзара сайысқа түсті. Мұнда дастарханды әрлеу мәдениеті, тағамды немесе сусынды әдемілеп, талапқа сай ұсыну, сапалы қызмет көрсету жағы жіті қадағаланды.
Соңында қазылар алқасы ұзақ ақылдасып, әділ шешімге келді. Олар кіл мықтының ішінен шын мықтыны таңдағанша, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.
Сайыс қорытындысында бас жүлдеге Көксу ауданынан келген, жаңадан ашылған «Алтын сарай» мейрамханасының ұжымы лайықты деп танылды. Сонымен қатар, бір күнге созылған байқауда бірнеше номинациялар бойынша да орындар тағайындалған болатын. Ауданымыздың атынан тәтті-дәмділерін ортаға шығарған жерлестеріміз де марапаттан қалыс қалмады. Атап айтқанда, «Үздік аспаз» номинациясының ІІІ орнын «Шұбарат» мейрамханасының аспазы Біржан Артықбаев, «Үздік кондитер» номинациясының І орнын «АС-МАР» дәмді үйінің шебері Надежда Щебалина, «Үздік даяшы» номинациясының ІІІ орнын «Аққу» мейрамханасының қ ы з м е т к е р і Ж а з и р а Еркін ұтып алды. Барлық жеңімпаздарға Алматы облысы әкімінің Дипломдары мен қаржылай сыйлықтардың сертификаты берілді.
Осылайша ерекше сән- салтанатымен өткен «Ақ дастархан-2017» өңірлік б а й қ а у ы н С е р і к х а н Сәметұлы қорытындылап, әр жыл сайын қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет көрсету сапасының жақсаруына бұл шара зор үлес қосатындығын тілге тиек етіп, келер жылы жағымды жаңалықтармен, жаңашыл, заманауи, жаңғырған ас мәзірімен жолыққанша жақсылық пен сәттілік тіледі.