«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акция аясында ауданымызға қарасты қала мен ауылдық округтерде айналаны күл-қоқыстан тазарту жұмыстары әлі жалғасуда. Осы аптада Қаскелең қаласында Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен «Мөлдір бұлақ» тақырыбында Қаскелең өзенінің жағалауында абаттандыру. Жұмыс барысында 1 тонна күл-қоқыс шығарылып, айнала тазартылды.
Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ұлдар мен қыздардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыра отырып, жастардың жеке өсуі үшін платформа ретінде қызмет етеді. Биылғы жылы көптеген мектептің жоғары сынып оқушылары еңбек жасақтарының жауынгері болуға шешім қабылдады. Осылайша олар қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейтіп, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиеленуде.
Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш бағдарламаның арқасында қарасайлық жасақшылар «Таза Қазақстан» эконауқанына қолдау білдіріп, белсенділік танытуда.
Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы.