Бүгінгі таңда еліміз үшін энергия қауіпсіздігі мен тұрақтылық өте маңызды. АЭС салу – бұл ел экономикасын дамытуға, энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған дұрыс қадам. Энергия тапшылығы еліміздің дамуына кедергі келтіреді, ал атом электр станциялары экологиялық таза, тиімді энергия көздері болып табылады.
Мен ауған соғысында қызмет етіп, еліміздің қауіпсіздігі мен дербестігі үшін күрестім. Біз ұрпағымызға жарқын болашақ қалдыру үшін, сондай-ақ энергияны тиімді пайдалану арқылы экономиканы дамыту үшін осындай маңызды шешімдерді қолдауға тиіспіз.
АЭС салу арқылы біз жаңа жұмыс орындарын ашып, технологияларды дамытуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, АЭС экологиялық тұрғыдан таза энергия көзі ретінде, ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайтады. Бұл біздің табиғатымызды қорғап, еліміздің болашағын жарқын етуге септігін тигізеді.
Сондықтан референдумның оң нәтижесі – біздің ұрпағымыз үшін маңызды шешім, ал мен өз тарапымнан осындай бастамаларды толық қолдаймын. Жаңа мүмкіндіктер мен үміттер бізді күтіп тұр!
Серік Расмухамедов,
Қарасай ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлері
кеңесінің төрағасы