Атом электр стансасын салуды референдум арқылы қоғамның талқысына салу өте құптарлық бастама деп білемін. Өйткені елдің болашағын айқындау халықтың бірлесе ақылдасуы арқылы шешілуі қажет. Бұл ел тағдыры мен азаматтардың өміріне қатысты шешімдердің қалың көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылдануына кепілдік береді. Референдум адамдарға маңызды мәселелер бойынша өз қалаулары мен алаңдаушылықтарын білдіруге мүмкіндік беру арқылы демократиялық заңдылықты қамтамасыз етеді. Бұл жобалардың әсерін тереңірек түсінуге және қабылданған шешімдердің сапасын жақсартуға көмектесетін талқылау және ақпараттандыру алаңын құрайды. Нәтижесінде, демократиялық қатысу қағидаттарын нығайта отырып, жауапкершілігі жоғары мемлекетті құра отырып, мұндай жобалар қоғамға қолайлы болып, табысты іске асу ықтималдығы артады.
Сол себепті елдің талап-таңдауы айқын білінетін референдумның маңыздылығы жоқғары. Оған бей-жай қарамай, ел болып, азаматтық парызымызды орындап, таңдау жасағанымыз жөн. Ел келешегін кемелдендіруге бірге күш салайық!
Несіпбала ӘБДІЛДАЕВА,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қаскелең қаласының белсенді тұрғыны.