Қазіргі таңда кәсіби саланың мамандарының жетіспеушілігі байқалады. Осы тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады.
Президенттің айтуынша, ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Анығырақ айтқанда, Президенттің мәлемдеуінше, Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады. Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Осы бастамалар арқылы еліміздегі туындап отырған жас кадрлар мәселесін шешу болады.
Өзімде осы саланың қызметкері болғандықтан, су, энергетика, құрылыс және басқа да салалар бойынша жетік маман дарялау керек деген Елбасымыздың тапсырасын қолдаймын. Президентіміздің бұл бастамасы өте орынды, бүгінгі жүктелген міндеттемелер өз кезегінде орындалар деп ойлаймын.
Саян ОРТЫКОВ,
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның ауыл ішіндегі және үйішілік
қызмет көрсету бөлімінің бастығы.