Қаскелең қаласында орналасқан «Таусамалы қызмет» кәсіпорын ұжымымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды.
«АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. Бүгінгі таңда Қазақстанның электр энергиясын тұтыну деңгейі жыл сайын артып келеді, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмай отыр. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Айнабеков.
Кәсіпорын ұжымы атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алды. АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім.
#АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #ХалықтықШтаб