АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Б.Тамабаев орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды.
Штаб мүшелері АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.
«АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Қаныбек Айтжанов.
Ұстаздар қауымы атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алды.
АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім.
#АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #ХалықтықШтаб