Қонаев қаласында ретро-автомобильдер шеруі өтті. Осылай қала тұрғындары еліміздегі АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдумға қолдауды білдірді. Автошеруді белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев ұйымдастырды.
Аталған шеруге қатысқан көліктердің әрқайсысы тарихтың және мәдени мұраның бөлігі саналады. Олар тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, қала қонақтарының да назарын аударды. Көліктері шеруі облыс орталығының негізгі көшелерімен жүріп, мерекелік көңіл-күй туғызып, осы маңызды оқиғаның мән-маңызын адамдарға жеткізді. Сайлау учаскелерін аралап, белсенділік танытқан азаматтар саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
«Таңғы сағат жетіден өзімнің сайлау учаскеме барып дауысымды бердім. Әр мереке сайын көрікті қаламызда ұйымдастырылатын мәдени іс шараларға белсенді қатысамыз. Автошеру өткізу дәстүріміге айналды, — дейді шеруге қатысушылар. Автошеруге қатысушылар азаматтық ұстанымдарын көрсету арқылы, дауыс беруге келген әрбір адамның бұл күнді есте қалдыруға тырысты. Бірнеше көліктен жолаушылар тәттілер таратты.