Референдумның 70 пайыздық оң нәтижесі – еліміз үшін маңызды әрі тарихи сәт. Аналар кеңесінің мүшесі ретінде мен бұл шешімді толықтай қолдаймын, себебі біздің балаларымыздың болашағы мен қауіпсіздігі – басты приоритетіміз.
Атом электр станциялары экологиялық таза, тұрақты және тиімді энергия көздерін ұсынады. Бұл бізге энергия тапшылығын жоюға, экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біздің қоғамымызға қажетті энергияны қауіпсіз әрі экологиялық түрде қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды міндеті.
Сондай-ақ, АЭС-тің заманауи технологиялары табиғатты қорғауға, ауа мен судың ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Біз балаларымыздың таза, қауіпсіз ортада өсіп, дамуын қалаймыз, сондықтан АЭС салу – біздің болашағымыз үшін дұрыс қадам.
Азиза Наимбаева
Жібек жолы ауылдық округі аналар кеңесінің төрағасы