2024 жылдың 5 қыркүйек жұлдызында Алматы облысы Қарасай аудандық сотының қабырғасында бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің дыбыстар қазақ тілінің дыбыстар жүйесін арнайы зерттеуге арнап, қазақтың жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалын тазартумен айналысқан қоғам қайраткері, белгілі қазақ ақыны А.Байтұрсынұлының еңбегін талқылауға байланысты судьялар мен сот мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Тарихқа көз жүгіртіп, А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытуда айрықша маңызды тұлға болғанын және қазақ тілінің табиғатын терең зерттеп, араб тілінің негізінде жаңа қазақ алфавитін құрғандығы туралы талқыланды.
Осы орайда, жиналған судьялар мен мамандарға дөңгелек үстелдің мақсаты, яғни Ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңыздылығын кеңінен насихаттау керек екендігінен бастады.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының төрағасы қатысушылардың ең алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар реттейтiн нормаларына назарларын аударды. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiлуде.
Жиынның соңында мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында Алматы облысы Қарасай аудандық сотының қызметкерлері үлесін қосуда және қолғабыс етуден аянбайтындығын білдірді.
Қарасай аудандық сотының
бас маманы Доснимязова А.К.