«Өрлеу» бағдарламасына қатысуға алғашқылардың бірі болып ниет білдіріп, оның игілігіне көз жеткізіп, жақсылығын көріп отырғандардың бірі Райымбек ауылдық округінде тұратын Фартдиновтар отбасы. Отағасы Равиль Маратұлының жасы 43-те. Өзі ІІ топтағы мүгедек. Әйелі Нұрсұлу екеуі жеті бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. Олардың алды алтыншы сыныпты аяқтаса, кішісі енді ғана төртке толмақ. Жоба туралы ең алғаш көп балалы …
«Өрлеу» жобасы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде жасалған. Оның 84-қадамында: «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмекті тек оған шынымен зәру азаматтар ғана алады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана беріледі» делінген. Биыл Қарасай …
Жұмысқа тұрғысы келген азаматтан «сотталмаған» деген құжат сұрайтыны баршамызға мәлім. Ал, бұрын істі болғандар қандай қызметке орналаса алады? Осы мәселе төңірегінде аудандық прокуратураның бастамасымен қылмыстық жауапқа тартылып, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін «Пробация үйі» есігін айқара ашты. Ондағы мақсат аталған жандарға қажеттіліктеріне қарай медициналық, құқықтық көмек беру және жұмыссыздардың «екі қолына бір күрек» ұстату. Жиын …
Биыл Қазақстан полициясына 25 жыл толып отыр. Өзінің осы ширек ғасырлық тарихында, мемлекетіміздің қалыптасып, тұрақтануы жолындағы ауыр кезеңдерде тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда аянбай қызмет ете отырып, халықтың сенімінен шыға білді. Олардың қатарында біздің қарасайлық полицейлер де бар. Кеше осы ерекше мамандық иелері өздерінің кәсіби мерекелерін аудандық мәдениет үйінде сән-салтанатымен атап өтті. Оларды …
Келесі жылдан бастап елімізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізілмек. Ол туралы қарапайым халыққа түсіндіру әлі де жалғасуда. Кім қайда тіркеледі, оның қандай заңдылықтары бар? Қай мекемені таңдаған дұрыс? МӘМС жүйесінің артықшылығы не? Кім қанша төлейді? Осыған орай, жақында, ауданымыздағы ірі өнеркәсіпорны саналатын «Kagazy Recycling» ЖШС және «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларына медициналық сақтандыру мәселесін облыстық …
Мемлекеттің басты байлығы – халық. Демек, әрбір азаматтың мемлекет тарапынан өз құқығының қорғалуын сұрауға толық жөні бар. Осы тұрғыдан алғанда «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың да мүддесі аяқ асты болмауын қадағалайды. Олар да қоғамның толыққанды мүшесі болғандықтан, әлеуметтік маңызы бар мекемелерде, ірі сауда орталықтарында қолайлы жағдайды сезінулері керек, яғни, ыңғайлы …
Кешіріңіз, бұл ақпараттың қазақ тілі қол жетімді емес.
Егемен еліміздің жарқын болашағы еңсесі биік, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Яғни, білімпаз ұрпақ, талапты түлектерге артылар үміт те үлкен. Кеше осындай, қатарластарының алды болып, мектепті үздік аяқтаған «Алтын белгі» мен түрлі байрақты білім бәсекелерінде дара шыққан халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарын аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев арнайы марапаттады. Жүздерінде қуаныш пен толқыныс қатар тұнған …
Әдетте, шығармашылыққа көп жылдарын арнап, талай биіктерді бағындырып, жетістікке жеткен адамдар төл туындыларын жұртшылықтың назарына ұсынып, көрме ұйымдастырады. Бұл қалыпты жағдай. Ал, сейсенбі күні Қарасай ауданының тарихи- өлкетану музейінде бүлдіршіндердің және ересектердің қуыршақтар көрмесі болды. Қаламыздағы «Шаттық» шығармашылық орталығы (центр творчества «Радость») директоры Татьяна Фисенконың бастауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және кішкентай шеберлердің қабілетін …
Қазақтың дәстүрлі тағамдарын сөз еткенде, әрине, ұлттық сусындарын да шетте қалдыруға болмайды. Солардың ішіндегі шұбат ерекше дәмі мен аса пайдалылығының арқасында көп танылған. Ол кез-келген адамның шөлін қандыруға қауқарлы, талай дертке дауа қасиеттері сусындардың бірі. Қазіргі кезде, одан көптеген пайдалы өнімдер жасалуда. Соның бірі ретінде, түйе сүтінен жасалатын балмұздақты айтуға болады. Ондай өндіріс бүгінде еліміздің …