Халықтық штаб мүшелері Қаныбек Айтжанов, Ербол Жақсыбаев және Бекжан Сүнбеков қатысқан кездесу барасында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтылып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерде мысалға келтірілді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін де алға тартты.
«АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына оң әсер ететіні анық. Сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек деп ойлаймын», – деді Ербол Жақсыбаев.
Колледж ұжымы мен студенттері де кездесуде өз пікірлерін білдіріп, АЭС салу жобасына қолдау көрсететіндерін айтты. Жастар елдің энергетикалық тәуелсіздігіне және экологияны сақтауға бағытталған жобаның маңыздылығын толықтай түсінетіндерін жеткізді.
#АЭСтаңдаймыз #АЭСүшін #ЗаАЭС #ХалықтықШтаб