Қоғамдық келісім және даму маманы ретінде АЭС салу жөніндегі референдумның оң нәтижесін құптаймын. Бұл халықтың энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің экономикалық дамуына деген сенімін білдіреді.
АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздігімізді нығайту, экологиялық таза энергия өндіру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін маңызды қадам. Халықтың қолдауы – осы жобаның қажеттілігі мен болашағына деген түсініктің жоғары екендігінің дәлелі.
Сондай-ақ, қоғамның пікірі мен ұсыныстарын ескеру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Бұл процесс барысында қауіпсіздік пен экологиялық аспектілерге баса назар аударып, тұрғындардың сенімін арттыруымыз қажет. Біз бірге жұмыс істеп, еліміздің жарқын болашағы үшін жауапкершілік сезінуіміз керек.
Аңса Дүйсенбай,
“Қоғамдық келісім және даму “ КММ орталығы Қарасай аудандық филиалының жетекші сарапшысы