Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Айтулы датамен қоса жақында мемлекеттік қызметшілер күні де мерекеленді. Осыған орай, тәуелсіздікпен тұспа-тұс өмірге келіп, Қарасай ауданында мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп келе жатқан азаматтар жетерлік. Соның бірі – Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов. Жастайынан ата-анасының берген жақсы тәрбиесін бойына сіңіріп, адал азамат болып, адамдарға көмек беруді …
Согласитесь, быть государственным служащим и почетно, и ответственно. Не каждому это по плечу. И здесь дело не только в профессионализме, но также в умении общаться с людьми, соблюдать этику госслужащего. Всем этим параметрам соответствует руководитель районного отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Айбар Жаканбаев. Интересно то, что в госслужбу пришел он случайно – просто потому, …
23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні аудандық Мәдениет үйінде, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қатысуымен, аталып өтті. Ізгі тілегін білдіру үшін сахнаға көтерілген Жандарбек Ермекұлы мемлекеттік қызметтің аса жауапты екенін, сондықтан да қашанда мінсіз жұмыс істеу керектігін алға тартып, мереке иелеріне құттықтауын жеткізді. Одан кейін аудан басшысы мемлекеттік қызметтегі үлгілі еңбектері үшін бірнеше қызметкерлерге …
Жетісулық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен білім дағдылары өткен аптада «Office olympics» атты кеңсе олимпиадасында сыналды. Ой жүйрігі байқалатын бұл сайысты Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырды. Жас мамандар бақ сынаған бұл …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында елдегі сая-си мәселелерге баса назар аударып, кеңінен тоқталғаны белгілі. Әсіресе, ауыл әкімдерін сайлау туралы айтқаны елең етер жаңалық болып, осы уақытқа дейін талай талқыға түсті. Президенттің бастамасын ескерген Парламент Сенаты жақында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады. Енді ауыл халқы өз басшысын мажоритарлы сайлау жүйесі …
23 маусым елімізде жылда аталып өтетін білімі мен білігін мемлекеттік қызметке арнап, ел дамуының ілгерілеуіне, ықпал етуіне өздерінің үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін тойлайды. Осының қарсаңында аптаның сәрсенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде қарасайлық мемлекеттік қызметшілер арасында «Ақынды аңсау» атты байқау өтті. Аталмыш сайыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 …
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы кеше онлайн форматта және санитарлық талапқа сай тұрғындарды жеке қабылдап, олардың тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтып, түрлі сұрақтарына жауап берді. Қашықтан өткен қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бөлім басшылары да қатысты. Қарасайлықтардың басым көпшілігі үй, жер және түрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініш-терін жеткізді. Айжан Нұрділдәқызы әрбіріне мұқият …
Осы аптаның сейсенбісі күні аудан әкімінің орынбасары Айдын Әуесбай Елтай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жиын өткізіп, тұрғындарға аталмыш ауылдық округ әкімінің лауазымына лайықты деген үміткерлерді таныстырды. Таяуда Елтай округі әкімінің қызметін атқарып келген Бекжан Абжан өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты аудандық сайлау комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңадан сайлауды 2021 жылдың 24 мамырында тағайындау туралы шешім шығарған …
Осы аптаның сейсенбісінде аудан әкімінің орынбасары Айдын Әуесбай Ұмтыл ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткер азаматтарды таныстырды. Бүгінгі күнге дейін аталмыш округтің әкімі қызметін атқарып келген Ришад Құлыншақовтың өкілеттік мерзімі аяқталуына орай, Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жаңа әкім сайлауын 2021 жылдың 17 мамырында өткізу туралы шешім шығарды. Бұл басқосуды аудан әкімінің орынбасары таңдалған үміткерлерді Ұмтыл …
Мемлекет басшысы 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Онда мемлекеттік қызметшілер мен …