«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылының дайындығына әлеуметтік көмек көрсету.
Осы ретте бүгін партияның аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттары Қаныбек Айтжанов, Нұрбол Берікболұлы және Бекжан Сүнбеков көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетті.
Халық қалаулылары мектепке ең қажетті құрал-жабдықтары толтырылған мектеп сөмкелерін табыстап, балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Партия мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда.
“AMANAT” партиясы Қарасай аудандық филиалы