Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында денсаулық сақтау, тұрғын үй алу, жол жарықтандыру, тас жол, жер және қоқыс бойынша өтініштері бар.
Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірмесін алды.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.
«AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалы