Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде референдумның 70 пайыздық оң нәтижесін жариялап, халықтың белсенділігі мен жауапкершілігін жоғары бағалаймын. Бұл шешім еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық дамуды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін маңызды қадам болып табылады.
АЭС салу жобасы жаңа технологияларды енгізуге, экологиялық талаптарды сақтау арқылы таза энергия өндіруге мүмкіндік береді. Халықтың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі тиіс, сол себепті ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, қоғаммен диалог орнату маңызды.
Біз, ақсақалдар, жастарға үлгі болып, жауапты әрі тиімді басқару принциптерін қолдап, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуіміз керек.
Есен Сәлібеков
Елтай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы