АЭС салу бойынша референдумның 70 пайыздық оң нәтижесі – бұл еліміздің энергетикалық болашағына қатысты маңызды қадам. Мұндай қолдау қоғамның ядролық энергияға деген сенімінің артқанын, сондай-ақ адамдардың экологиялық және экономикалық мәселелерге деген жауапкершілігін көрсетеді.
Дегенмен, осындай жобаларды іске асыру барысында қауіпсіздік пен экологиялық мәселелерді ұмытпау қажет. Атом энергиясына байланысты жауапкершілік, халықтың қауіпсіздігі мен экологияға қатысты толыққанды талқылау жүргізу – жобаның табысты жүзеге асырылуына кепіл болды. Өйткені, қоғамдағы сенімді нығайту үшін ашықтық пен пікір алмасу өте маңызды рөл атқарады.
Берікбай Қадықов,
ардагер-журналист, Қарасай аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.