АЭС салу жөніндегі референдумның өткізілуі – еліміздің энергетикалық саясатына қатысты маңызды кезең. Референдумның оң нәтижесі біз үшін қуанышты жаңалық, себебі бұл шешім ұлттық энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық тұрақтылықты сақтау жолындағы қадам.
Энергия қажеттілігінің артуы, әсіресе, өнеркәсіп пен тұрғын үй секторында, бізді жаңа, тиімді әрі экологиялық таза энергия көздерін іздеуге мәжбүр етеді. АЭС салу – отандық экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, және энергияның бағасын тұрақтандыру тұрғысынан тиімді шешім.
Дегенмен, қоғамдық пікір мен халықтың алаңдаушылығын ескеру өте маңызды. АЭС-тың қауіпсіздігі, экологиялық әсері және оның халықтың денсаулығына әсері туралы толыққанды ақпарат беру қажет. Осы ретте референдум алдында халықпен ашық диалог жүргізіліп, АЭС-тың артықшылықтарын түсіндіріліп, барлық сауалдарға жауап берілді.
Еліміздің болашағы үшін бірлесіп, жауапты шешімдер қабылдау – біздің ортақ міндетіміз.
Шара ҚАНАТҚҰЛҚЫЗЫ,
Қарасай аудандық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы.