Халықтық штаб мүшелері «Сандуғаш» балабақшасының ұжымымен кездесу өткізді
Кездесу барысында штаб мүшесі Бекжан Сүнбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталып, сонымен қатар атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне, экономикалық тиімділігіне қосатын үлесіде талқыланды.
– Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін елімізге экологиялық таза қуат көзі қажет. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Сондықтан АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. Бұл – болашақтың жобасы – деді штаб мүшесі Бекжан Сүнбеков.
Білім саласының өкілдері атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алып, АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім екендігін айтып, толығымен қолдайтындарын жеткізді.
#АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #ХалықтықШтаб