Алтыншы қырқүйекте Қарасай аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын кеңес төрағасы Жанат Исағұлов жүргізді.
Күн тәртібі бойынша алдымен «Шамалған ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы» округ әкімі Нұрсұлтан Жолдасбековтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінде Шамалған ауылдық округінің құрамына 2 ауыл – Шамалған, Айқым және 11 саяжай қарайды. Жалпы көлемі 9999 га. Халық саны 33 561 адамды құрайды.
Округі бойынша 5 орта өндірістік кәсіпорын жұмысын жасауда, онда 500 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Олар тұрақты 210 жұмыс орнымен қамтып отырған жиһаз шығаратын «Golden Maken» ЖШС, 50 адамды жұмыспен қамтып отырған аяқ киім мен май өңдеп шығаратын «Ақмекен» ЖШС, 60 адамды жұмыспен қамтып отырған табиғи сусындар өңдеп шығарытын «Керуен Агро» ЖШС, 80 адамды жұмыспен қамтып отырған бидай өңдеп шығарушы «Шамалған-Ұн» ЖШС және 100 адамды жұмыспен қамтып отырған кірпіш өңдеп шығаратын «Изат» ЖШС.
Жыл басынан округте 11 құрылыс ашылған және инвестиция көлемі – 677,0 млн. теңгені құрайды.
Ауылдық округте шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 103 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны – 97, жеке кәсіпкерлер саны – 1542, орта кәсіпорындар саны – 6 ауылшаруашылығы саласында 222 нысан жұмыс атқаруда.
2024 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес, салықтың 8 түрі бойынша түскен түсім 433 млн. 774 мың теңге немесе жоспар 93 %-ға орындалды. Жалпы 2024 жылғы салықтық түсімдердің жоспары 464 млн. 495 теңге. Жалпы 433 млн. 774 мың теңге салық түсімдері жиналды. Салық базасын ұлғайту мақсатында үлкен кәсіпорындардың барлығы аудандық кірістер басқармасына тіркелген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 20 жоба дайындалып, 6 жоба 9 млн. 200 мың теңгеден алды. Округ тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Ауыл аманаты» туралы мәліметтер әлеуметтік желілерге тартылып, арнайы маман түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Шамалған ауылдық округі жолдарының жалпы ұзындығы 128,8 шақырымды құрайды, оның 66 шақырымына немесе 52 %-на жөндеу жүргізілген, (асфальт 38,1 км, қатты жабын жоқ 55,2 км) 35,5 шақырымына немесе 58 %-ы жөндеуді қажет етеді.
2024 жылы ауылдағы Өтеген батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаскелең топтық су құбыры 2024-2025 жылдары іске қосылғаннан кейін ауданның 18 елді мекені, оның ішінде Шамалған ауылы да сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында барлық жұмыстар атқарылуда.
2024 жылдың қазан айында Шамалған ауылында «Қазақстан құбыр арматурасы» зауыты ашу жоспарлануда.
ФОК (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) маңындағы жаңа алапты қамтамасыз ететін су құбырында бүгінгі күні «Тескен Су» ЖШС мердігерлік ұйымы анықталды. Жоба сомасы 34 238 400 теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары қырқүйек айында бастау алды. «Өңірлерді дамыту 2025» бағдарламасы аясында жоғарыда аталған жаңа құрылыстың қалған 1,2 шақырымына су құбырын жүргізуге 16,2 млн. теңге бөлініп, мердігер «MIR&ER» компаниясымен келісім-шарт жасалынып, қазіргі уақытта 8 көшеге жалпы ұзындығы 2,1 шақырым су құбыры жүргізіліп, ұңғымалар орнатылды. Сонымен қатар Өтеген батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 38 млн қаражат бөлінді.
Электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарына да жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жоба бойынша округте 7 дана трансформаторларды орналастыру үшін жер телімдері бөлініп, мемлекеттік актілер рәсімделді. Жобалау сметалық құжаттамаға бөлінген қаржы 6,5 млн. теңге. Жаңа қүрылыс аймағында электр жүйелерін жаңғыртуға 4,2 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «СмартЭлектроМонтаж» 600 м. электр жүйесін жаңартты.
Текелі көшесінде 500 м. болатын электр жүйелерін жаңғырту бойынша 5,1 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекемелерінің арасында конкурс жарияланып, тиісті мердігер анықталып, қазіргі таңда атқарылатын жұмыстар бойынша шарттар келісілуде.
Бұл мәселеге орай кеңес мүшелері Тұрғанбек Оразалиев, Сағындық Жылқыбаев, өз пікірін білдірсе, Қаныбек Айтжанов қоқыс шығару жайын сұрап, «Ауыл аманаты» жобасын күшейту, Несіпбала Әбділдаева жарықтандыру, спорт орындарын, стадионды тиімді пайдалану, Мұқтар Байқұлов жергілікті қоғамдастықпен жұмысты жақсарту, кеңес төрағасы Жанат Исағұлов топтық су құбыры туралы әңгіме қозғап, ойларын ортаға салды. Ал аудандық мәслихат депутатты Абылай Зуайда округте жақсы жұмыстар бар екенін айта келе, тазалық мәселесіне тоқталды. Оған жастардың белсене қатысуы керектігі жайында айтты.
Мұнан кейін кеңес мүшелері аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев ұсынған «Қарасай ауданы әкімдігінің «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу-қарау негізінде Қарасай ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» 7 қырқүйек, 2020 жылғы № 274 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» қаулының жобасын мақұлдады. Бұл мәселе жөнінде кеңес мүшелері Жанат Исағұлов, Несіпбала Әбділдаева, Бекжан Сүнбеков, Мұқтар Байқұлов, Тұрғанбек Оразалиева сөйлеп, пікірлерін білдірді.
Отырысты кеңес төрағасы Жанат Молдағұлұлы қорытындылап, тиісті шешімдер қабылданды.
Берікбай ҚАДЫҚОВ.