Тәуелсіздік күні Қаскелең қаласы «Зәмзә» сауда үйінде орналасқан «Алладин» балалар ойын-сауық орталығы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуінен кейін ашылу салтанатын өткізді.
12 жылдан бастап үздіксіз балаларды қуантып келе жатқан орталық биыл ойын алаңдарын кеңейтіп, қосымша қондырғылар қойылған. Үлкен сырғанақтар, құрғақ бассейндер, балалар аттракциондары мен балалар аумағы – мұның барлығы ойын-сауық орталығының балаларға арналған қызмет түрлерінің бір бөлігі ғана.
Егер отбасыңызбен келетін болсаңыз, сіздерді жайлы дәмхана аймағы күтеді. Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай пайдалануға берілген орталықтың ашылу салтанатына Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті.
– Бүгін, мінекей, көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлау мақсатында қаламыздағы «Алладин» ойын орталығы өз базасын кеңейтіп, балалар пайдалануға берілуде. Бүгінгі ашылған ойын-сауық орталығы баршаңызға құтты болсын! Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған кәсіпкерге сапалы қызмет көрсетеді деп сенім білдіріп, жұмысына сәттілік пен табыс тілеймін, – деп лебізін жеткізді қала әкімі.
Мұнан соң жаңа нысанның салтанатты түрде лентасы қиылып, құрметті қонақтар ойын-сауық орталығын аралап көрді.
Балалардың жайлылығы мен қауіпсіздігі жақсы назарға алынған. Орталық 1 жастан 12 жас аралығындағы балаларға арналып жасақталған. 1-3 жас аралығындағы балаларға арналған құрғақ хауыз, 2 әткеншек сырғанағымен, үлкен-үлкен құрастырмалы ойыншықтар, мамандық бойынша ойнайтын ойыншықтың түр-түрімен қамтылған. 7 жас пен 10 жастағы балаларға арналған батуттар мен 15 шаршы метрлік екі қабатты лабиринт бар. Барлық ойын құрылғылары балалардың денсаулығына зиян келтірмейтін материалдардан жасалған, балалар үшін әсте қауіпсіз. Әткеншек, сырғанақ, хауызымен қамтылған. Және бір бұрышты балалардың арнайы туған күнін өткізуге арнап жасақтаған. Орталықта 200 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. «Алладин» балалар ойын орталығы түскі 10-мен кешкі 8 аралығында, аптаның барлық күнінде де жұмыс жасайды. Бүлдіршіндеріміздің осы ойын орталығына кіріп, ойнау ақысы 1 жасқа дейінгі және мүмкіндігі шектеулі балаларға, туған күн иелеріне тегін, 1-ден жоғары 12 жас аралығындағы балаларға 2000 теңге. Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Бұрым ОРЫНБАСАР.