Іргелі ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен осы аптада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты, оқушылар арасында жыр мүшайрасы өткізілді. Жыр додасына аталған Іргелі ауылдық округінде орналасқан Кемертоған, Толстой, Көксай мектептерінің оқушылары қатысты. Әдеби байқауда Елбасы, Тәуелсіздік, Отан, туған жерге арналған өлеңдер жатқа оқылды.
Ал, жасөспірімдердің өнерлерін аудандық Мәдениет үйінің әдіскері Жанар Берік, Береке ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қонақбай Жалмаханов және Іргелі ауылдық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Шежіре, өнер-тәлім отауы» әжелер ұйымының төрағасы Раиса Мұтанқызы сынды қазылар бағалады. Жалпы, мүшайраға үш мектептен 15 бала қатысты. Байқау нәтижесінің қорытындысы бойынша бас жүлде мен бірінші орынды Кемертоған орта мектеп оқушылары жеңіп алса, екінші орынды Көксай орта мектебінің оқушысы, ал, жүлделі үшінші орынды Толстой орта мектебінің оқушысы иеленді. Өзге қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ, оларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Ақторқа ТОТЫМБАЕВА,
Іргелі ауылдық Мәдениет үйінің қызметкері.