Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан бері ауданымыз бойынша көптеген талқылау, отырыстар ұйымдастырылып келеді. Өткен аптада осындай жиындардың бірі Шамалған бекетіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы Жаңашамалған бастауыш партия ұйымының төрағасы Алпамыс Айдаровтың жетекшілігімен, өткізілген еді. Ал, жиынға …
Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арналған Жолдауы негізінен елімізді әлеуметтік-экономикалық өрлетуге бағытталған. Онда көрсетілген айқын міндеттер мен нақты тапсырмалардың барлығы да республикамызды дамыту мен адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналғанын атап айтуымыз керек. Әсіресе, ел-жұртты айрықша толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді шешу жолдарын анықтап беруі де ерекше …