Мен – Үйсінмін қауға берсең қауға бер, Қан ағызып үйренгем жоқ жаулап ел. Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш, Бауырларым біздің асқар тауға кел, – деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев дүниеге келген қастерлі де қасиетті Нарынқол өңірінің бір перзентімін. Кеген мен Райымбек аудандарын тең көремін. Кереге таулы Кеген ауылынан үлкен өмірге қанаттандық. Туған …
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ жастарды жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы борышы. Жақында Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінде «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» атты кездесу болып өтті. Аталған кездесуге …
Жақында Кеген аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Кеген аудандық Мәдениет үйінде ғалым, ұстаз Сағатбек Медеубекұлының «Күй күмбірлеп, ән шалқыған» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Кеген ауданы әкімінің міндетін атқарушы К.Қабылбеков, аудандық мәслихат хатшысы А.Нұғыманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Р.Стамғазиев, ақын Б.Әшірбаев, фотожурналист, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Әбдірайымұлы, Алматы облысы аудандық кітапханаларының басшылары мен аудан тұрғындары …
Шілде айының алғашқы жексенбісі – Домбыра күніне орай, аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Dombyra party» ұйымдастырылды. «Күмбірле, қоңыр домбыра!» деп аталған мерекелік кеште аудан тұрғындары үшін концерттік бағдарлама қойылды. Іс-шара барысында домбыраның тарихы айтылып, түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Сауалдарға жауап бергендер сый-сияпаттарға ие болды. Мәдениет үйінің алаңында өткен «Үшқоңыр» этно-фольклорлы ансамблі Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев сынды атақты …
Алматы облысының жастар ресурстық орталығы жанынан “Көшбасшы” жастар клубы құрылды. Клубтың ашылу салтанаты Кеген ауданында өтті. “Көшбасшы” әр салада жетістікке жеткен,тың идеяға толы тұлғалардың басын біріктіру мақсатында іске қосылды. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдап, озық ойларымен ел дамуына, өркендетуге белді бекем буып отыр. Шарада Жастар ресурстық орталығы “Хан тәңірі” жастар …
Тіл – қарым-қатынас құралы, адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда елімізде тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Ал қазақ халқының тіл келешегі қазіргі …
Көне ескерткіштер – әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сондай-ақ сол елдің өткені мен бүгінін саралап, келешек ұрпаққа ата-бабаларының тұрмысы мен батырлығы жайлы ақпарат беретін құндылық. Алматы облысына қарасты Кеген ауданы – осындай көне жәдігерлерге толы өңірлердің бірі. Әсіресе, аудан көне үйсін тайпасының жәдігерлеріне бай, оның үстіне мұнда бүгінгі …
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 10 жылдығына орай конкурсқа қатысуға өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
Құрметті қауым! Сөз басында бірден атап өтейін, меніңше, Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған. Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да …
Талгарский район богат талантливой детворой. Есть здесь также звездные ребятишки, одержавшие победы в различных конкурсах. К ним можно отнести и Султана Нурболата, завоевавшего Гран-при на Международном фестивале-конкурсе искусств среди молодых исполнителей «Восходящая звезда тюркского мира», проходившем в турецком городе Стамбул. Мальчуган живет в Талгаре, учится в четвертом классе СШ № 2 имени Сейфуллина. Его мама …